Мәтіндік нұсқасы Kazakh  Басуға арналған нұсқа | Сілтеме жолдау| Таңдамалыға қосу
British Council Kazakhstan
Skills for employability
Orange lozenge left Orange lozenge right
Жұмысқа орналасуға арналған дағдылар жобасының жаңалықтары
Қалай қатысуға болады
Колледждер арасындағы қызметтестіктер
ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ДАҒДЫЛАРЫ

«Жұмысқа орналасу дағдылары» дегеніміз не?

Жұмысқа орналасу дағдылары  дегеніміз  еңбек нарығында бәсекеге түсуге және жұмыс табуға көмектесетін білімдер  мен дағдылар. Бұл  техникалық және кәсіби білім ғана емес, кәсіпкерлік, кез келген мәселелерді шешуге және командада жұмыс істеуге көмектесетін жалпы дағдылар, сондай-ақ  адамдармен тіл табыса алуға немесе компьютермен жұмыс істеуге ықпал ететін дағдылар.

Бұл неге маңызды?

Глобалды деңгейде бәсекенің өсуіне байланысты жұмысқа орналасу дағдыларының мәні де өсе бастады. Бүгінгі таңда адамдар өз жұмыстарының тиімділігін көтеруге, инвестициялар ашуға, шұғыл түрде жаңа мүмкіндіктерді қолдануға тырысады.

Дағдылар дамуының  деңгейлері көптеген елдерге ықпал етеді - әсіресе дамыған елдерге. Мысалы,  егер бір елде белгілі дағдылары бар адамдар жетіспесе, онда бұл елге қажетті білімі бар басқа  елдердің мамандары  келе бастайды немесе  бұл жағдай нарықтағы  бәсеке деңгейінің төмендігі бизнесті тығырыққа әкеліп соқтыруы мүмкін.

Егер Сіз қажетті дағдыларға ие бола алсаңыз, онда Сіздің жұмысқа орналасуыңыз оңайлау болып келеді  және еңбекақысының да жоғары болуы мүмкін.

Бәсекеге қабілетті болу үшін қандай дағдыларды бойыңызға сіңіруіңіз керек екенін нақты білесіз бе? Сізді, жасыңызға қарамастан, көптеген қиыншылықтар күтіп тұруы мүмкін.  Біздің бағдарлама жұмыс беруші Сізден қандай білім-дағдыларды күтетінін анықтап береалады.

«Жұмысқа орналасу дағдылары» жобасы неге бағытталған?

«Жұмысқа орналасу дағдылары» - бұл бағдарлама кәсіби-техникалық білім секторын дамыта отырып, білім мекемелері мен кәсіби салалар арасында тығыз байланыстар орнату арқылы қазіргі жаһандандырылған әлемде бәсекеге қабілетті  жастар мен ересек адамдардың дағдыларын дамытуға бағытталған.

Жоба ұзақтығы қандай?

Төрт жыл: 2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін.

Жобаға қандай елдер қатысады?

Орталық және Оңтүстік Азия елдері: Ауғанстан, Бангладеш, Иран, Қазақстан, Непал, Пәкістан, Өзбекстан және  Ұлыбритания.

Орталық және Оңтүстік Азиядағы «Жұмысқа орналасу дағдылары» бағдарламасының міндеттері:

  • Нарық қажеттілігін қанағаттандыру үшін кәсіби-техникалық білім саласында ұлттық реформаларды нығайту
  • Жаңа оқу жоспарларына білім және өндіріс арасында тығыз байланыстар орнату арқылы экономиканың негізгі секторларындағы үздік тәжірибе үлгілерін енгізу
  • Жұмысқа орналасуға қажетті техникалық және стандарттық дағдыларды дамыту   
  • Техникалық оқу мекемелері, колледж және  мектептердегі тиісті оқу жоспарларын енгізу арқылы жастарға осы дағдыларды дамытуға көмектесу
  • Жастарды кез келген мәселелерді шешіуге, командада жұмыс істей алуға, мәдениаралық диалог құра білуге, сондай-ақ ағылшын тілін жақсартуға көмектесу  
  • Жастарға мамандық таңдау кезінде дұрыс бағдар беру  және кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бағдарламасына жетелеу

2011 жылға дейін:

  • колледждер арасында 14 тұрақты серіктестіктер орнату
  • 1000-нан астам тренерлер үйрету
  • 100000-дай жас адамдарды глобалды экономика жағдайында жұмысқа дайындауға  көмектесуді жоспарлаймыз

«Жұмысқа орналасу дағдылары» бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

  • Орталық және Оңтүстік Азия аймақтары мен Ұлыбритания арасындағы оқу модельдерін енгізуге арналған мектеп серіктестіктері, олар ерекше секторлардағы өндіріс мұқтаждарына лайық болуы тиіс.  
  • Жастар бойына жұмыс берушілердің талаптарына сай глобалды дағдыларды дамыту, оның ішіне ағылшын тілі де кіреді.
  • Жұмыс және мансап мәселелері бойынша мәдениаралық талқылаулар жұргізу
  • Білім мәселелері бойынша білім мекемелері мен өндіріс шаралары басшыларымен диалог немесе кәсіпкерлік және креативті дағдыларды дамыту үшін жастар арасында Кәсіпкерлер халықаралық конкурс өткізу

Кім қатыса алады?

Қазақстанда «Жұмысқа орналасу дағдылары» туралы толығырақ мәліметті осында алуға болады

The United Kingdom’s international organisation for cultural relations and educational opportunities.
A registered charity: 209131 (England and Wales) SC037733 (Scotland)
Our privacy and copyright statements.
Our commitment to freedom of information. Double-click for pop-up dictionary.

 Positive About Disabled People