|
Мектеп Серіктестігі – бұл мектептер ынтымақтастығы бойынша жоба. Ол мәдени алмасуды дамыту және халықаралық компонентті білімге енгізу мақсатында Орталық және Оңтүстік Азия мектептер топтарының арасында ынтымақтастық орнатады. Мектеп Серіктестігі жобасы барлық мемлекеттер мұғалімдері мен оқушыларына бір-бірінің қоғамдық өмірі мен мәдениетін жақсы түсінуге және қазіргі өзара байланысты әлемде дұрыс өмір сүруге, жақсы жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді
Өзара байланысты және мәдениаралық әлемде жастарды глобалды мәселелерді шешуге қатыстыру және елдер мен мәдениеттер арасындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтарға саналы түрде құрмет көрсетуге тәрбиелеу өте маңызды.
Орталық және Оңтүстік Азиядағы Мектеп Серіктестігі жобасы Ұлыбритания мен Қазақстан, Пәкістан, Бангладеш және Ауғанстан мектептері мен педагогтары арасында өзара қолайлы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Осы елдердің мектеп топтары Ұлыбритания мектеп топтарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Егер Сіз – оқушы болсаңыз, онда Сізде басқа елдер оқушыларымен бірге жұмыс істеуге, өз еңбек дағдыларыңды дамытуға және бір-біріңді жақсы түсінуге мүмкіндік туады.
Егер Сіз мұғалім болсаңыз, онда Сіз өз оқыту деңгейіңізді көтеруге мүмкіндік беретін жаңа кәсіби дағдыларға (оның ішінде балаларды оқыту саласы, ағылшын тілі мен информатика саласы және коммуникациялық технологиялар) үйренесіз.
Егер Сіз мектеп атынан қатыссаңыз, онда сіздердің мектептеріңіз Қазақстан мен Ұлыбритания мектептерімен ынтымақтастық құра отырып, мәдениаралық өзара түсіністікке өз үлесін қоса алады.
Алдымен, жоба екі жылға созылады.
- Біз халықаралық байланыстар орнататын мектептерді қолдаймыз
- Сосын олардың мәдениаралық диалогқа себеп болатын оқу жобаларын дайындап жүзеге асыруға көмектесеміз
- Сонымен қатар біз тілдерді оқытатын кәсіби қоғамдастықтар арасында ынтымақтастық орната отырып, мұғалімдер мен педагогтарға көмектесеміз және оқыту дағдыларын, әсіресе балабақша балаларын оқыту саласында, дамытуға ықпал етеміз.
|